jasqazaq.kz

Өзеннен басы мен екі қолы жоқ әйелдің мәйіті табылды (видео)

09 маусым 2020, 9:09

Оралда өзеннен басы мен екі қолы жоқ әйелдің мәйіті табылды Оралда сұмдық жағдай! Өзеннен басы мен екі қолы жоқ әйелдің мәйіті табылды. Оның суға аққан дене мүшелері екі күннен бері іздестіріліп жатыр. Болжам бойынша, 41 жастағы келіншек шомылу кезінде моторлы қайықтың астында қалып қойған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қайғылы жағдай сенбі күні түнгі 11 шамасында Шаған өзенінде болған. Жергілікті тұрғын су көлігінің астына түсіп қалса керек. Оның денесін винт бөлшектеп турап тастаған. Басы мен екі қолы әлі табылмай жатыр. Моторлы қайықтың кімге тиесілі екені де белгісіз. Иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Содан бері таптырмай жүр. Қазір күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ал дерекке қатысты іс қозғалып, тергеу басталды.

Жасұлан Жұмашев, БҚО ТЖД бастығы:

— Қайықтан құлап кетті ме, әлде шомылып жүрген жерінен үстінен басып өтті ме, ол жағын полиция анықтайды. Ал біз марқұмның дене мүшелерін ісдестіріп жатырмыз. Айта кетейін, осыған ұқсас жағдай 5-маусымда да болған.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде