jasqazaq.kz

Өзенді ластаған кәсіпорынға айыппұл салынды

14 ақпан 2019, 11:16

Петропавлда Есілдің ескі арнасына ластанған су қайдан келгені анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қаңтар айында өзен арнасындағы ластанған су туралы экологтарға жергілікті балықшы хабарлаған болатын. Экология департаментінің өкілдері қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі осы мәселеге қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізгенін мәлімдеді. «Тексерістер нәтижесінде 20-25 қаңтар аралығында «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» кәсіпорны өз бетімен Есіл өзенінің ескі арнасына 153 мың текше метрден астам көлемде су жіберіп, ҚР Экологиялық кодексінің бірнеше бабын бұзған», — дейді экология департаменті басшысының орынбасары Азамат Бектасов. Оның айтуынша, кәсіпорын әкімшілік жауапқа тартылып, 150 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Мұнымен қоса экологиялық заңнаманың бұзылуын жоюға ұйғарылды. «Өз бетімен су жібергендіктен, 30,2 млн теңге мөлшерінде қоршаған келтірілген залалды өтеу туралы кәсіпорынның үстінен шағым түсірілді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа су нысанына ағын суларды жіберуді тоқтату үшін материалдар жіберілді. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы материалдар әзірленді», — деді А.Бектасов.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда