jasqazaq.kz

Өзенді атпен кесіп өтпек болып, суға кеткен жігіттің мәйіті табылды

23 сәуiр 2022, 15:03

Атырау облысында Ойыл өзеніне батып кеткен жігіттің мәйіті судан шығарылды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұдан бұрын Атырау облысында 26 жастағы жігіт суға кеткенін жазған едік.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт 21 сәуірде сағат 15:30-да Ойыл өзенін атпен кесіп өтпек болған. Өкінішке қарай, қарсы беттегі жағалауға жете алмай, суға батып кеткен.

Ойылға батқан жігітті іздеу кеше, 22 сәуірде сағат 10:45-те басталды. Іздестіру жұмыстары бүгін, 23 сәуірде сағат 08:00-де қайта жалғасты.

«Қызылқоға ауданының 1996 жылы туған тұрғыны Ойыл өзенінен атпен өту кезінде суға батып кеткен. Оны іздестіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жергілікті атқарушы органның 2 қызметкері тартылды. Жергілікті 5 тұрғын іздестіру жұмысына көмекке келді. Ойыл өзеніне батып кеткен 26 жастағы жігіттің мәйіті бүгін, 23 сәуірде сағат 09:30-да судан шығарылды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр