jasqazaq.kz

Өзбекстаннан көмекке арнайы техникалар келіп жетті

06 мамыр 2020, 16:23

Су тасқыны болған Мақтарал ауданына көмекке Өзбекстан азаматтары мен арнайы техникалар келіп жетті. Бұл туралы өңірлік әкімдік қызметкерлері Facebook парақшасында жария етті.

Апат болған аймақтағы жедел штабтың ақпараттық бөлімі маманы Қанат Байсовтың айтуынша, көрші елден 42 арнайы техника мен 200 адам келген. Техникалардың арасында су сорғыш, бульдозер және бөгет салуға қажетті түрлері бар. Сондай- ақ өзбекстандық жасақ елді мекендерге жайылған суды тазалау мен су сору жұмыстарын жүргізбек.

Сонымен қатар тұрғын үйлердің құрылысына да атсалысады. Жұмысшылар өздерімен бірге ас-ауқаты мен жанар-жағармайын да ала келіпті. Олар мұның бәрі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің тапсырмасына сай атқарылып жатқан шара екенін жеткізген. Шетелдік көмекшілер ертеңгі күні тағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына қосымша жұмысшылар келетінін және қажетті құрылыс материалдар жеткізілетінін мәлім еткен.

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде