jasqazaq.kz

Өзбекстанмен шекарадағы өткізу пункттері уақытша жабылады

01 қараша 2022, 10:52

Қазақстан мен Өзбекстан 1 желтоқсаннан бастап «Қапланбек» (ҚР) – «Зангиота» (ӨР) өткізу пункттерін қайта құру кезеңінде толық жабуға уағдаласты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Мемлкеттік кірістер комитеті хабардар еткендей, екі ел үкіметтері Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі Жол картасын бекітті.

«Қайта құру қорытындысы бойынша 2-ден 6 жолаққа дейін кеңейту жүргізіледі, «Қапланбек» өткізу пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1000 көлік құралына дейін ұлғайтылады, шекарадан өту уақыты 25 минутқа дейін қысқартылады. Бұдан басқа, көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысы үшін Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздерін пайдалану жолымен өткізу пунктінде көлік құралдарының қозғалысының барлық циклін автоматтандыру жоспарлануда, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді және ірі тасымалдаушыларды көлік құралдары мен жеке тұлғалардың ағынын шекараның осы учаскесіндегі басқа «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Б..Қонысбаев», «Атамекен», «Сырдария» және «Целинный» өткізу пункттеріне Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына сәйкес қайта бөлу жөнінде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура