jasqazaq.kz

Өзбекстандық ерлі-зайыпты Жамбыл облысында қалай құл болғаны туралы айтты

09 қазан 2018, 11:31

Жамбылда өзбекстандық ерлі-зайыпты құл иеленушілерден жәбір көргенін айтып шағымданды.

Айтуларынша, бес ай бойы мал бақтырған кәсіпкер оларды ұрып-соғып, жалақыларын бермей зар илеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ал қашып кетпес үшін біреуін үйде кепілде ұстаған. Өткен жылы Гүлзира есімді әйелдің малын баққан азамат жұбайын ертіп ақша табуға биыл тағы келген. Алайда бұл жолы қожайыны еткен еңбектің ақысын бермей зар илетті дейді. Көк тиын бұйырмасын білген ерлі-зайыпты қашып кетіп, бірақ ұсталып қалады. Сол үшін екеуін жұмыс берушінің баласы сабап тастағанын айтады. «Ұрып тастады хотун екеуімізді. Дубинкамен ұрды. Сиыр жоқ деп ұрды», — дейді Расулжан Шәріпов. Өзбекстан азаматы Расулжан Шәріповтың айтуынша, бұл оқиғадан кейін кәсіпкер қысымды күшейткен. Малшы қашып кетпес үшін оның сауыншы әйелін үйден шығармай кепілде ұстаған. «Екі балам бар, анам бар. Не қыламыз енді? Көмек беретін адам жоқ», — дейді ол.  44 жастағы ер адам ауылдағы сүт сатушы белсенді келіншектен көмек беруді сұрапты. Тілшілерді шақырып, полицейлерге де хабар берген сол кісі екен. Сөйтіп, жалшы құзырлы орын өкілдерін ертіп барып, кепілде отыр деген әйелін шығарып алды. Телеарна тілшісінің хабарлауынша, жұмыс беруші әйелмен тілдесу мүмкін болмады. Ал төбе көрсеткен оның келіні қысқа ғана жауап қайырған. «Үйде адам жоқ, тойға кетті. Олжас шықпайды, ауырып жатыр», — деді ол. Өзбекстан азаматтары аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген соң жағдай мүлдем өзгерді. Жылап-сықтаған жәбірленушілер күтпеген жерден айтқандарынан айныды. Олардың неліктен бұлай еткендері түсініксіз. «Тергеу барысында Өзбекстан азаматтарын ешкімнің еркінен тыс ұстамағанын, жалақыны уақытылы әрі толық көлемінде алғандарын айтты. Сонымен қатар жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижесінде олардан ешқандай дене жарақаттары анықталған жоқ», — дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова. «Отанын сағынғандардың хикаясы мұнымен бітпейді. Екеуі Қазақстанда заңсыз жүргендері үшін 30 тәулікке қамалды. Сондай-ақ өзбек азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқаны үшін бизнесмен де қомақты айыппұл төлейтін болды. Оның көлемін сот шешпек», — деп хабарлады телеарна тілшісі.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді