jasqazaq.kz

Өзбекстандағы Сардоба су бөгетінің жарылысы: 17 адам сотталды

11 мамыр 2021, 10:49

Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуына байланысты қылмыстық іс бойынша 17 адам сотталды. Бұл туралы Өзбекстанның Жоғарғы сотына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабалады.

Ведомствоның мәліметінше, 6 адам 3-тен 10 жылға дейінгі аралықта нақты мерзімге бас бостандығынан айырылып, 1 адамның бас бостандығы 4 жылға шектелді, өзгелеріне ірі көлемде айыппұл салынды. Ең ұзақ мерзімге «Узтемирйулкурилишмонтаж» мекемесінің бас директорының бұрынғы орынбасары, гидротехикалық құрылғылар құрылысы дирекциясының бұрынғы басшысы М.Холматов сотталды. Аса ірі көлемде ұрлық жасағаны, жалған құжат жасағаны сондай-ақ салдары кісі өлімімен мен сол сияқты өзге де ауыр жағдайға алып келген тау, құрылыс немесе жарылу қаупі бар жұмыстарды атқару кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы материалдық жауапты қызметтерді атқаруға тыйым салынды. «Сирдаре сув курилиш инвест» мекемесінің бұрынғы басшысы С.Абдуназаров пен UzGIP перспективалық жобаларды жоспарлау бөлімінің бұрынғы бастығы С. Руднев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыппұл 6,8 өзбек сумынан 134 млн сумға дейінгі аралықта салынды. Сот сонымен қатар кінәлілерге мемлекет қаржысын талан-таражға салу, жымқыру және Сардоба су қоймасының жарылуы салдарынан келген шығын бойынша шара қолданады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия