jasqazaq.kz

Өзбекстанда жол апатынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды

05 тамыз 2019, 11:47

Өзбекстан Республикасының Науаи облысында болған ірі жол-көлік апаты салдарынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. «2019 жылдың 3 тамызында Науаи облысы Нұратин ауданындағы «Нұрата-Жизақ-Фариш» автожолының 136-шақырымында «Нексия» автокөлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, «Исузу» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл автокөлікте жүргізушімен бірге 7 адам отырған. Оның екеуі бала», — делінген ҚР СІМ хабарламасында. Соқтығыс салдарынан оқиға орнында Қазақстан Республикасының 3 азаматының (1952, 2013 және 2016 жылы туған) көз жұмғаны хабарланып отыр. «ҚР-дың тағы үш азаматы айтарлықтай жарақат алып, Нұратин ауданының Медициналық мекемесінің жансақтау бөліміне жеткізілді. Бүгінгі таңда олардың бәрі есін біліп жатыр. Бірақ, жағдайлары ауыр», — деді ведомстводан. Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен азаматтар мен олардың туған-туыстарына барынша көмек көрсетуде. «Көз жұмған және зардап шеккен ҚР азаматтарының бәрі де Өзбекстаннан көшіп келген азаматтар. Бәрі бір-біріне туыс. Осыған байланысты, туған-туыстары ажал құшқандарды Өзбекстан аумағына жерлеу туралы шешім қабылдап отыр», — деп хабарлады ҚР СІМ-нен.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда