jasqazaq.kz

Өзбекстанда ұрлық жасаған әйелді жұрт алдында жазаламақ болды (видео)

20 тамыз 2018, 10:13


Өзбекстанның Әндіжан облысында жергілікті тұрғындар ұрлық жасады деген әйелді ұстап алмақшы болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті.

Видеоның кадрларында күдікті әйелдің артынан қуғандардан қашып кеткісі келгені көрінеді. Тұрғындар күдіктінің киімінен ұстап алып, нәтижесінде әйел суға іш киімімен секіріп кетеді. Желі қолданушылары бұл оқиғаны «тергеусіз сот» деп біліп, қызу талқыға салды. Алайда, Әндіжан облысы ішкі істер басқармасы тұрғындар күдіктіні полиция қызметкерлеріне тапсыруды ұйғарған деп мәлімдеп отыр. Оқиға 14 тамызда сағат 11:00-де болған. Ұрлық жасады деген күдікке ілінген заматша А. А. осыған дейін Шахрихансай базарында бірнеше адамның сөмкесінен 492 мың сом ақша ұрлаған және И. Н., сатушысынан 192 мың сом, С. М., азаматшасынан 30 мың сом мен ұялы телефонды ұрлаған делінеді. Күдікті қашып кетпекші болған жерінен ұсталды. Зардап шегуші азамат И. Н мен куәгер Г. Р. әйелді ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне тапсыру үшін ұстап тұрған. Нәтижесінде күдікті А. А Шахрихансай арығына секіріп кетті. Инспектор әйелді құтқарып алып, басқармаға тапсырды. ІІБ баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, әйелдің денесінен ешқандай зорлық белгілері табылмаған.

 

Tengrinews.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді