jasqazaq.kz

Өзбекстанда мемлекеттік тілді қорлағандар жазаланады

30 сәуiр 2020, 9:50

Өзбекстанда «Мемлекеттік тіл туралы» заңды бұзған азаматтарды жауапқа тарту ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бастама тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Заңды елемегендерге 50 мың теңгеге дейін айыпұл салынуы мүмкін. Әділет министрлігі Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгертулер енгізу жөніндегі заң жобасын көпшілік талқысына салды. Ал бүгінде тәрбие мен білім алуда тіл таңдау, тілді қолдануға кедергі жасау, Өзбекстанда тұратын ұлттар мен халықтардың тілдерін кемсіту бойынша адам құқықтарын бұзғандарға жаза қарастырылған. Енді ел билігі мемлекеттік орган басшыларының іс қағаздарын жүргізуде де жауапкершіліктерін арттыруды көздеп отыр.

Шахзод Абдулатипов, Өзбекстан Әділет министрлігінің қызметкері:

— Бұл заң жобасы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне байланысты. Яғни, жауапкершілікке осы ұйымдардың лауазымды тұлғалары ғана тартылады. Азаматтардың талқысына салынған құжат Өзбекстанда тұратын ұлттар мен халықтардың конституциялық құқықтарын бұзбайтынын айтып кету керек.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия