jasqazaq.kz

Өзбекстанда күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың пәктігін тексерген

28 қараша 2020, 14:44

Өзбекстанның Хорезм облысында күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың пәктігін тексерді. Бірнеше әйел қызды мәжбүрлеп шешіндіріп, тексеру рәсімін видеоға түсірген, — деп хабарлайды UPL.uz.

Оқиға биыл 7 қазанда Үргеніш қаласында болған. Ал түсірілген видео қарашаның соңында Желіге тараған.

Мәліметтерге сәйкес, үйлену тойынан кейін жігіт қалыңдығының қыздығына күдіктенген. Осылайша туыстары «сараптама» жасаған. Жол бойы қызды қорлап, жауап алған.

Қыздың өгей әкесі бәрі бопсалау мақсатында ұйымдастырылған деп санайды. «Орынсыз жағдайлар болды. Бәрі алдын ала жоспарланғаны анық. Кімнің қыстауында түн ортасында медициналық қолғап болады? … Бұған көз жұма салайық. Бірақ Интернетте видеоны жариялай отырып, олар барлық хорезмдіктерді ұятқа қалдырды. Адамдар тіпті Түркиядан қоңырау шалып, көмек ұсынды», — дейді Нуриддин Рахимов.

Оның айтуынша, күйеу бала бұрын зорлық жасағаны үшін сотталған екен, ал қалыңдықтың отбасы бұл туралы үйлену тойынан кейін ғана білген. Ер адам күйеу жігіт жағы үйлену тойына ақша да талап еткенін, оны бере алмағаннан кейін олар видеоны Желіге жариялағанын айтты.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия