jasqazaq.kz

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

17 маусым 2022, 16:55

Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны өсті. Кеше инфекция жұқтырған 59 азамат тіркелген. Бұл туралы ӨзА сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«2022 жылдың 16 маусым күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 239 435 (+59) жетті», — делінген Өзбекстанның ДСМ хабарламасында.

Жаңадан індет жұқтырғандар Әндіжан (2 адам), Бұхара (1 адам), Самарқанд (2 адам), Сұрхандария (4 адам), Ферғана (1 адам), Ташкент облыстарында (4 адам) және Ташкент қаласында (45 адам) анықталған.

Сонымен қатар өткен тәулікте республиканың төрт аймағынан 37 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 237 549-ға жеткені айтылады.

Қазіргі уақытта елдегі сауығу көрсеткіші 99 пайызды құрауда.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр