
Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 2 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі. Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде елде коронавирус жұқтырғандар саны 15 адамға жетті. Негізінен вирус жұқтырғандардың басым көпшілігі – COVID-19 диагнозы қойылған шетелден келген өзбек азаматтарының туыстары. Расталған жағдайлардың барлығы Ташкентте тіркелген. Еске сала кетейік, Өзбекстанда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай 15 наурызда Франциядан келген өзбек азаматынан анықталған