jasqazaq.kz

Өзбекстанда көлікпен жүруге тыйым салынды

29 наурыз 2020, 10:43

Өзбекстан қалаларында жеке көлікпен жүруге тыйым салынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Коронавирусқа қарсы күрес жүргізу жөніндегі арнайы республикалық комиссияның шешімімен Өзбекстанның Ташкент, Нүкіс және облыстық маңызы бар қалаларында 30 наурыз бен 20 сәуір аралығында жеке мақсаттарда көлікпен жүруге тыйым салынды. Қалада рұқсатсыз жүре алатын көліктер тізіміне тек дипломатиялық, коммуналдық қызмет көрсететін көлік құралдары, медициналық-эпидемиологиялық қызмет көрсететін, ауылшаруашылық өнімдерін жеткізетін көліктер, медициналық мекемелерге және олардан жедел медициналық көмекке (жүктілік, өмірге қауіп төндірген дене жарақаттары) мұқтаж адамдарды әкелген көліктер, қалалық және аудандық әкімшілік басшылары, олардың орынбасарларының автомобильдері, жерлеу көліктері, жедел және медициналық көмек машиналары, патрульдік авто, пошта қызметі және азық-түлікті курьерлік жеткізу көліктері, сондай-ақ коммерциялық банк автомобильдері кіреді. 29 наурыздан бастап шектеу қою кезеңінде қозғалыс рұқсат етілген автомобильдер үшін арнайы рұқсат (стикерлерді) беру басталады. Көлікке жеке мүддемен мініп жүруге тыйым салынған.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық