jasqazaq.kz

Өзбекстанда клубта жартылай жалаңаштанған қыздар түрмеге қамалды (видео)

25 наурыз 2021, 16:08

Хорезм облысының Үргеніш қалалық соты 23 наурызда жартылай жалаңаш сумаляк пісірген алты қызға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әкімшілік іске қатысты сотқа қоғам өкілдері мен журналистер қатысқан.

Сот үш қызды 15 тәулікке қамау жөнінде шешім қабылдады. Қалған үшеуіне 1,22 млн сум (шамамен 100 доллар) айыппұл салынды. Сот олардың баласы бар екенін ескерген.

Еске салайық, Үргеніш қаласындағы «Сахара» түнгі клубының биші қыздары жартылай жалаңаш сумялак мерекелік асын пісірген. 21 наурызда олардың видеосы әлеуметтік желілерде тараған.

Әлеуметтік желі қолданушыларының дені қыздардың бұл әрекетін сынады.

Құқық қорғау органдары видеоға түскен қыздарды тергеуге шақырып, осы оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғаған.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия