jasqazaq.kz

Өзбекстанда қанша қазақ тұрады?

30 қазан 2018, 16:11

Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы кафедра меңгерушісі Мансұр Бекмурадов өз елінде тұрып жатқан қазақтар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзбекстанда 1,5 миллионнан астам қазақ өмір сүруде. Біздің елде 100-ге жуық қазақтың ұлттық мәдени орталықтары қызмет етуде, сондай-ақ 500-ден астам жалпы білім беретін мектеп бар. Атап айтқанда, қазақ тілінде кадрлар даярланып жатыр және ансамбльдер, театрлар жасақталған. Осы орайда, Өзбекстандағы қазақтарға тиісті жағдайлар жасалған», — деді шетелдік сарапшы «Қазақстан және Орта Азия: этноәлеуметтік процестер мен этномәдени байланыс» тақырыбында ҚХА-ның Орталық Азия ғылыми сарапшылық кеңесінің отырысында. Сонымен қатар, ол жақында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесіне тоқталды. Оған сәйкес, өзбек ұлтына жатпайтын тұрғындардың 97 пайызы Өзбекстанды өздерінің туған елі деп санайтындығын және ешқандай да қысым болмағанын атап өткен. «Өздеріңіз білесіздер, Орталық Азияның халықтары толеранттығымен, өзге халықтарға деген сүйіспеншілігімен, олардың мәдениетіне сыйластықпен қараумен ерекшеленеді. Бүгін Астанада Орталық Азия тақырыбында өтіп жатқан отырыс ары қарай қай бағытта дамудың мүмкіндіктерін жете түсінуге ықпал етеді. Биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп белгіленген. Бұл өз кезегінде екі елдің жақындаса түсуіне мүмкіндік береді», — деді М. Бекмұрадов. Осы орайда ол алдағы жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы басталатынын еске салды. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы ретінде белгіленді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді