jasqazaq.kz

Өзбекстанда бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

03 мамыр 2020, 16:05

Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан болған су тасқынына байланысты Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды.

Өзбекстан Бас прокуратурасы Telegram арнасының хабарлауынша, ӨР Қылмыстық кодексінің 207-бап 1-бөлігі (лауазымдық немқұрайлылық) мен 258-бап 2-бөлімі «б» тармағы (тау-кен, құрылыс немесе жарылыс қаупі бар жұмыстардың қауіпсіздік қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар тергеу жұмыстарын жүргізу Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі органдарына жүктелген.

Айта кетсек, 1 мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бір бөлігінен су ағып, Өзбекстан Республикасы Сырдария облысындағы елдімекендерді су басты. Көршілес елдің облыс басшылары су қоймасындағы су көлемін азайту үшін су бағанын Қазақстанға бұрып жіберген.

Соның салдарынан Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы бірнеше шекара коллекторларына су толған. Су деңгейі көтерілгендіктен Мақтаарал ауданы шекарасындағы коллектордағы су тасыды. Өзбекстан Республикасы Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы 2017 жылы пайдалануға берілген.

Су қоймасының сыйымдылығы 922 миллион текше метр суды құрайды. Оның құрылысы 2010 жылы Оңтүстік Мырзашөл арналарының орталық желісі аймағында басталған.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық