jasqazaq.kz

Өзбекстанда балалар үйінен дау шықты

03 шiлде 2018, 17:00

Өзбекстан Бас прокуратурасы Маргиландағы балалар үйінен ақша жымқыру мен тәрбиеленушілерге қатысты зорлық жасау туралы іс бойынша пікір білдірді. Ферғана облысы бойынша прокурордың көмекшісі Анвар Назаров тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді.

Оның сөзінше, бұл оқиғаға қатысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабының 3-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ол ел астанасында Бас прокуратура ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді. Қазір тергеу жүргізіліп жатқаны және іс материалы толық ашылмаған күйінде Ферғана облыстық қылмыстық істер бойынша сотына берілгені хабарланды. Зорлықтан зардап шеккен балаларды қорғау мақсатында сот отырыстары жабық түрде өтеді. Мекеменің директоры мен бухгалтері аса ірі көлемде ақша жымқырды, қызметін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Маргилан мейірімділік үйінің әкімшілігіне қатысты 109-бап (жеңіл түрде қасақана жарақат салу), 115-бап (әйелдерді түсік тастауға мәжбүрлеу), 127-бап (кәмелетке толмағандарды әлеуметке қарсы әрекетке тарту), 128-бап (он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу), 129-бап (он алты жасқа толмаған тұлғаға қатыцсты азғындық жасау) бойынша қылмыстық істер қозғалған. Дегенмен журналистермен кездесу кезінде Анвар Назаров балалар үйіне қатысты істі БАҚ өкілдері асыра айтқанын атап өтті.Бір қуаныштысы интернетте жарияланғанның кейбірі жалған», — дейді ол.

tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді