jasqazaq.kz

Өзбекстанда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті

31 мамыр 2020, 12:28

Ташкентте мамыр айы үшін рекордтық температура тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы жүз жылда болмаған аптап ыстық орнап, сынап бағанасы 40 градустан асты. Соңғы рет мұндай аптап ыстық 1902 жылы тіркеліпті. Негізі осы айдың басында Өзбекстандағы күн райы тұрақсыз болды. Үш апта бойы нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соқты. Тіпті кейбір жерлерде бұршақ жауған. Соңғы он күнде Қарақалпақстан Республикасында, Хорезм, Бұқара мен Навои облыстарында күн қатты ысып, күндіз сынап бағанасы 42 градусты көрсетті. Ал шөлді аудандарда ауа температурасы 44 градусқа дейін барған.

«Қарақалпақстан мен Хорезмде мамыр айында бұрын-соңды осыншама жоғары температура тіркелмеген. Ташкентте ең ыстық күн 1902 жылы болған. Онда ауа температурасы 39,9 гардусқа жеткен екен. Ал Нүкістегі ең жоғарғы көрсеткіш 41,3 градус болса, биыл мұнда рекордтық температура орнайды деп болжап отырмыз»-дейді гидрометеорологиялық қызмет орталығы болжау бөлімінің жетекші инженері Виктория Ведерникова,

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия