jasqazaq.kz

Өзбекстанда 2 сарбазды су ағызып кеткен

05 мамыр 2020, 17:00

Өзбекстанда бұзылған бөгеттің маңындағы ауылдардың азаматтарын құтқарамын деп әскери қызметкер қаза болды. Сырдария облысындағы эвакуациялау кезінде Ұлттық гвардияның екі сарбазын тасқын су ағызып әкеткен. Бірінің денесі табылды. Қазір құтқарушылар екіншісін іздеп жатыр.

Естеріңізде болса, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарынан 70 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілген еді. Олар – Сардоба, Ақалтын, Мырзаабад аудандарындағы 22 елді мекеннің тұрғындары. Осы күнге дейін 16 мыңнан астам адам үйлеріне оралды. Қазіргі уақытта бұл жапа шеккендердің құжаттарын қалпына келтіру үшін Мемлекеттік қызметтер Агенттігі көмек көрсетіп жатыр.

Улмас Абдиев, Жизақ облысы әділет басқармасының бөлім басшысы:

– Біз «Сәлем Сардоба, біз біргеміз» акциясын бастадық. Оның аясында жапа шеккендерге құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, біз эвакуацияланған азаматтардың құжаттарын қалпына келтіреміз. Олардың дені төлқұжат, туу туралы және неке куәліктерін жоғалтқан.

24.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия