jasqazaq.kz

Өзбекстан президенті Ақтөбедегі қайғылы жағдайға кімнің кінәлі екенін айтты

20 қантар 2018, 14:14

Өзбекстан президенті Ақтөбе облысындағыдай қайғылы оқиғаларға нендей жағдайлардың итермелейтінін айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің айтуынша, Қазақстанда өртеніп, Өзбекстан азаматтарының қаза табуы өзбек жеріндегі жұмыспен қамту жағдайларының жоқтығын көрсетті. «Болған қайғылы жағдай көп нәрсені көрсетіп берді, әсіресе, біздің халықтың алдындағы қарызымыздың көп екенін. Біз жағдай жасап бермеген соң, адамдар жұмысты өзге елдерден іздеуге мәжбүр», — деп мәлімдеді Мирзиеев. Президенттің айтуына қарағанда, Өзбекстандағы билік пен барлық саладағы басшылардың республикада жұмыс орындарын ашу мәселесін шешпей, кемшіліктерін түземегендері салдарынан осындай қайғылы жағдай болды. Өзбекстанның СІМ мәліметтері бойынша, Ақтөбедегі автобус апатынан қаза тапқандардың денесі президенттің шешімімен 20 қаңтарға қараған түні Ташкентке жеткізілді. Ал тірі қалғандардың екеуі тексеру шараларына байланысты Ақтөбеде қалды. Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды. Сонымен қатар, ІІМ өкілдері өрттің неден шыққанын айтты.

Tengrinews.kz 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды