jasqazaq.kz

Өзбекстан базарларында қантқа байланысты дүрбелең болып жатыр (видео)

12 маусым 2022, 11:56

Өзбекстанда базарлар мен дүкендерде қант үшін бұрын-соңды болмаған дүрбелең байқалды. Бұл туралы өзбек БАҚ-тарына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Жақында әлеуметтік желілерде Өзбекстан супермаркеттерінің бірінде сатып алушылар арасындағы дүрбелең көрінетін бейнеролик тарады. Оған ерлер де, әйелдер де қатысқан.

Желі қолданушылары Ташкент базарларында қант үшін кезек болып жатқанын жазып жатыр. Соның ішінде бұл жағдай «Куйлюк» базарында байқалады.

«Адамдар, айтыңыздаршы, неге мұндай жағдайға жету керек? Бұл — жай ғана жүйке жүйесін өлтіру. Суретте 10 мың сум тұратын қант үшін кезек. Бұл елдегі соңғы қант сияқты. Байғұс милиция концертте жүргендей тұр», — деп жазды өзбек астанасының тұрғыны Facebook-те.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірнеше күн бойы Юнусабад дехкан базарында және басқа базарларда да болып жатыр.

Ал билік өкілдері елде қанттың жеткілікті қоры барын, тапшылық болмайтынын айтқан.

https://youtu.be/TuuN8DVpS0o

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді