jasqazaq.kz

Өзбекстан азаматын құлдықта ұстағандар анықталды

17 қараша 2020, 21:09

Құлдықтағы өмір. Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығының басшысы 58 жастағы Өзбекстан азаматын бір жыл бойы құлдықта ұстап келген. Бұл жағдай Ішкі Істер министрлігі жүргізген «Стоп-трафик» жедел-прафилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды. Күдікті жәбірленушінің құжаттарын тартып алып, күш көрсеткен. Қазір аталған іс бойынша тергеп-тексеру амалдары басталып кетті. Айыпталушы уақытша ұстау абақтысына қамалған. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Камиль ҒАЛИЕВ, ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Шаруа қожалығының басшысы анықталып, полицияға жеткізілді. Ол Өзбекстан азаматына ұрып-соғып, оған мал бақтырып қойған. Оны айдаладағы сарайда ұстапты. Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 128-бабы, адам саудасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дәл осындай факті Қостанай облысында да тіркеліп отыр. Шаруа қожалықтың иесі, 21 жастағы жігітті мәжбүрлеп екі жарым жыл бойы жұмысқа жеккен. Министрліктің мәліметінше, қостанайлық азаматқа мал бақтырған. Сонымен бірге, өкілетті органдар үш күн ішінде 65 қылмыстың бетін ашыпты. Оның ішінде адам саудасының алты фактісі және бір адамды заңсыз қамау дерегі әшкере болды.

astanatv.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық