jasqazaq.kz

Өзбекстан ауған шекарасындағы жағдай тұрақтанғанын хабарлады

15 тамыз 2021, 15:14

15 тамыз таңертеңгілік жағдай бойынша өзбек-ауған шекарасындағы жағдай тұрақталды. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы саяси ведомствосына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«2021 жылдың 15 тамызы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша «Термез-Хайратон» көпіріндегі жағдай бірқалыпты. Атап айтқанда, көпірдің ауған бөлігінде жиналған Ауғанстан азаматтарының басым бөлігі көпірден кетті. Бұл белсенді жүргізілген саяси-дипломатикалық шаралардың, түсіндіру жұмыстарының нәтижесі», — деп хабарлады Өзбекстан СІМ.

Еске салайық, кеше Ауғанстан Қарулы күштерінің 84 әскери қызметшісі мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, ұсталған еді. Шекара бұзушылар қарсылық танытпаған, жарақат алған үш адамға медициналық көмек көрсетуді сұраған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия