jasqazaq.kz

Өзбек қызын құлдықтан босатты

04 шiлде 2019, 8:24

Алматыда полиция жыныстық құлдықта болған Өзбекстан азаматшасын босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 жастағы әйелді қонақ үйлердің бірінің қызметкері 2018 жылдың қазанынан бері жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеп келген. «Келіншектің өзі тәнін саудалаумен бұрыннан айналысқанын мойындап тұр. Қонақ үйлердің бірінде жұмыс істеуге өзі келіскен. Алайда, қонақ үй администраторы келіншектің төлқұжатын тартып алып, тапқан ақшасын түгел алып отырған», — деді полициядан. Осы уақытқа дейін Өзбекстан азаматшасы еркінен тыс жұмыс істеп келген. Жақын күндері ол полицияға хабар беріп үлгерді. «Полиция жедел әрекет ету операциясын жүргізіп, 46 жастағы қонақ үй администраторын ұстады. Ол ҚР ҚК 308-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деді қалалық полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Қаржаубаев. «Қонақ үйді тінту кезінде тағы 6 жеңіл жүрісті келіншек ұсталды. Олардың екеуі Өзбекстан азаматшасы болып шықты. Олар ҚР Көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген. Тағы бір әйелдің жеке басын куәландыратын құжаты жоқ болып шықты», — деді баспасөз қызметінен. Жыл басынан бері адам саудасы бойынша 14 қылмыс дерегі ашылды. Атап айтқанда, ҚР ҚК 309-бабы бойынша тергелетін 8 жынойнақ ұйымдастыру дерегі, ҚР ҚК 308-бабы бойынша тергелетін әйелді мәжбүрлеп жыныстық қызметке тарту дерегі, кәмелет жасына толмаған қызды саудалаудың 1 дерегі, ҚР ҚК 128-бабымен тергелетін адам саудасының 1 дерегі тіркелген.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда