jasqazaq.kz

Өзбек билігі мектепте оқушыларға орамал тағып, тақия киюге рұқсат етті

06 қыркүйек 2021, 10:21

Өзбекстанда оқушы қыздарға ақ не ашық түсті орамал тағуға және тақия киюге рұқсат берілді. Білім министрі Шерзод Шерматов бұл шараның мақсаты барлық балаға білім беру деді.

Бұл туралы өзбек білім министрі 4 қыркүйек күні болған ашық диалог кезінде айтты.

Көптеген ата-ананың өтінішін ескере отырып, қыздарымызға осы оқу жылынан бастап мектепте ақ немесе ашық түсті ұлттық орамал тағып, тақия киіп жүруге рұқсат етпекпіз, деді Өзбекстан білім министрі Шерзод Шерматов.
Министрдің сөзінше, қыздарға жағасы ұзын көйлек киюге де рұқсат берілмек. Бірақ Шерматов мұны қандай заңға сүйеніп жүзеге асыратынын айтпады.

Өзбекстан министрлер кабинетінің 2018 жылғы 15 тамыздағы қаулысының («Мемлекеттік орта мектеп оқушыларын заманауи мектеп формасымен қамтамасыз ету туралы») 7-тармағына сәйкес, оқу орны ішінде оқушылар бас киімінсіз жүруі тиіс.

Кезінде бұл қаулының қабылдануы дін жолын ұстанатын ата-аналардың наразылығын тудырған. Олар орамал таққан қыздарының мектепке кіре алмай қалғанын айтып шағынған. Ол кезде бұған Шерзод Шерматов мынадай жауап қатқан:

Көбі орамал мен хиджаб туралы айтады. Бірақ қазір бұл басты міндет емес. Біздің негізгі міндетіміз – жақсы білім мен тәлім алған ұрпақты өсіру. Адамдардың басы екінші деңгейлі мәселеге қатып отыр.
Осының алдында Азаттықтың Өзбек қызметіне сұхбат берген ата-ананың бірі бірыңғай мектеп формасын талап ету сабақтың үздіксіз тоқтай беруіне әкеліп, білім сапасына теріс әсер етіп отыр деген.

Өзбекстанда жаңа оқу жылы 6 қыркүйекте басталады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық