jasqazaq.kz

Өзбек азаматтарының өртенген оқиғаға байланысты жаңа дерек шықты

03 наурыз 2018, 12:07

Өзбекстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі көлікте жанып кеткен азаматтар туралы мәліметті нақтылады. Ақпарат жұма күні ведомство сайтында жарияланған.

Қайғылы оқиға 1 наурызда Ақтау-Бейнеу тас жолында болды. Lada Largus жеңіл көлігі мен Shacman жүк көлілігі соқтығысып, салдарынан Lada өртеніп кетеді. Министрлік бастапқыда жеті адамның қаза тапқанын, олардың алтауы Өзбекстан азаматтары екенін хабарлаған еді.

«Жол апаты салдарынан көлік өртеніп, оқиға орнында, бастапқы деректер бойынша, жеті азамат көз жұмды. Соңғы деректерге сәйкес, бәрі Өзбекстан Республикасы азаматтары», — делінген хабарламада.

КТК арнасының хабарлауынша, қаза тапқан жеті адамның кім екенін анықтау үшін ДНҚ сараптама жасалады.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, көлікте 22 және 40 жас аралығындағы алты жолаушы мен бір жүргізуші болған.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде