jasqazaq.kz

Өз үйінде ерлі-зайыптының денесі табылды

15 наурыз 2021, 18:27

 

Ақмола облысында өз үйінде ерлі-зайыптылардың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы наурыздың 14-де Астрахан аудандық полиция бөліміне 32 жастағы ер адам телефон арқылы хабарласып, Жалтыр ауылында тұратын ата-анасының көз жұмғанын айтты. «Осы оқиға биылғы жылдың 14 наурызында Астрахан ауданының полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында №211136030000290, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде №211136031000070 «адам өлімі» бабы бойынша тіркелді», — деді ведомстводан. Ұлының айтуынша, ата-анасы Жалтыр ауылындағы үйінде өздері ғана тұрған. Соңғы рет, ол оларды наурыздың 9-да ғана көрген. Кейін наурыздың 14-де ата-анасының үйіне барып, есік жабық тұрған соң, терезеден ішке кіреді. Сол кезде үйдің ішінде әкесі мен анасының жансыз денесін табады. «Алдын ала анықталғандай, қарт адамдар иіс тіип көз жұмған. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып отыр», — деп толықтырды ведомстводан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия