jasqazaq.kz

Өз тілінде оянсын

06 маусым 2019, 14:44


Әлеуметтік желіде кенеттен «оянғандардың» бәрін азғындар деп айтар едім. Оларды зерттеп, кімдер екенін, бұрын немен айналысқандарын, не айтып, не жазып жүргендерін анықтап жатырмын. Мысалы, актер Әнуар Нұрпейісов бұдан бірер жыл бұрын қазақтарды масқаралайтын видео жариялаған. Ал қазір қазаққа жүрегі ауырып, аяқ астынан «ояна» қалыпты.Сонысына сенесіз бе? Әнуардың өнер адамы ретінде мемлекеттік марапат, сыйлықтардың біразына қол жеткізгенін бәріміз білеміз.

Жалпы, бұл «оянғандар» кімдер? Олар – ауқатты адамдардың ұл-қыздары. Олардың әлеуметтік жағдайы сіз бен бізден көп жақсы. Бәрінің баспанасы, пәтері, көлігі бар. Біреуінің бизнесі, кафесі бар дегендей. Ешнәрсеге мұқтаж емес.
Мен олардың өз тілінде оянғанын қалайтын едім. Амал қанша, олай болмай тұр. Әлеуметтік желіде: «Осылардың өзгенің тілінде оянғанынан қорқып едім.Сөйтсем жағдайын жасап алып, содан кейін ғана оянып жатқан түрі екен ғой!!!Дұрыс ояныңдар, халыққа пайдаларың тиетіндей ояныңдаршы.Қазақ қыздарын тырдай жалаңаш етіп,түнгі клубта шешіндіретіндердің оянып жатқаны – ұлт үшін өте қауіпті.Оданда оянбай ұйықтап жатқаны әлдеқайда жақсы!», – деп жазғанмын. Өйткені бұлардың оянғанынан қазаққа пайда жоқ. Керісінше, кесірі тиіп кетуі мүмкін?
Мысалы, Сұлтан Мұсахан деген жігіт шетелдің грантымен Бостон университетінде оқыпты. Әлдебір қор қаржыландырған көрінеді. Тегін дүние қайда бар? Судың да сұрауы бар деген ғой. Демек, бұл ұйқыбастардың оянуының астарында бір гәп бар. Әлдебіреулердің сойылын соғып отырғаны анық. Әлгі Сұлтан деген жас жігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына гей парадқа қатысқаны туралы бейнежазба салыпты. Гей парадтың жалауын көтеріп жүрген адам қалай, қандай мақсатпен оянады? Одан да оның ұйықтай бергені дұрыс.
Ояну туралы мен бірнеше жылдан бері айтып, жазып жүрмін. Егер олар шынымен оянғыш болса, бес бала жанып кеткенде оянбай қайда қалыпты? Аналар шырылдап, пәтер мәселесін көтергенде қайда жүрген? Егер олар оянғыш болса, қазақ жері Қытайға сатылады дегенде қалай ұйықтап жатты? Тіл мен ділдің тағдыры таласқа түсіп жатқанда мыңқ демейтіндердікі не ұйқы?
Қазақ әлдеқашан оянған. Бұлар бізді түртіп оятпаса да, біздің ұйқымыз ашылған. Сондықтан, бізге мұндай арандатушылардың ұранының да, сөзінің де, өздерінің де қажеті жоқ. Қазақты масқаралап жүргендердің бізді оятуға құқы жоқ. Тағы да қайталап айтамын, «ояну» керек болса, алдымеy, бұлар өз тілінде «оянсын!».Жетпіс жыл отарлаған елдің тілінде «ояну» сатқындық!

Айгүл Орынбек,
блогер

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық