jasqazaq.kz

Өз қызынан 4 миллион теңге өтемақы талап етуде

06 маусым 2019, 15:06

Алматы тұрғыны Светлана өз қызынан 4 миллион теңге өтемақы талап етуде. Анасы ұлының емі үшін үлкен қызының ақша бергенін қалайды.

Светлананың бір ұл, бір қызы бар. Қызы Софья мен ұлы екеуінің әкелері басқа. Софьядан әкесі бас тартқандықтан анасы жалғыз өсірді. Кейін анасы өзінен бірнеше жасқа кіші 26 жастағы Николаймен танысады. Одан жүкті екенін білгенде, сүйіктісі ізін суытады. Осылайша Светлана ұлын да жалғыз асырадs, деп жазады Sputnik-ке сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Софья әжесінің қолында тәрбиеленді. Анасы күні-түні жұмыста болды, әкесі жарты жылда бір келіп тұрды.

Енді анасы ұлын емдетуге қызынан ақша талап етуде. Ұлының дертін қаражаты бар болса, емдеуге болады. Светлана асырап-баққаны үшін қызынан 4 миллион теңге өтемақы талап еткен. Алайда қызы оған көнбейді. Заңгерлермен ақылдасқанда, ата-ана баласынан екі жағдай өтемақы талап ететінін айтқан. Біріншіден, ата-ана еңбекке жарамсыз болса, екіншіден, көмекке аса мұқтаж болса. Алайда Светлананың жағдайы бұған келмейтіндіктен заң Софьяның жағында. Дегенмен қызы анасының алдында өзін қарыздар санайды. Заң бойынша, өзінікі дұрыс болғанымен жақын адамдары арасында осындай дау туғаны жанына батып жүр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде