jasqazaq.kz

Өз баласын ұрлады

10 қыркүйек 2019, 19:16

Қостанайлық полицейлер ұрланған баланы анасына бір сағаттың ішінде қайтарды. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін «102» нөміріне облыс орталығының 28 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Ол өзінің 5 жасар ұлын бұрынғы жұбайы балабақшадан алып кеткенін хабарлады. Анасы ер адамның мас болғанын және белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан. Сондай-ақ, ұялы телефонға жауап бермеген. «Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Полиция іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның тұрған жерін анықтап, оны «КСК» шағын ауданындағы дүкеннің жанынан ұстады. Ал балабақша қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Қазіргі уақытта ер адам медициналық айықтырғышқа орналастырылды, оған қатысты «Адам ұрлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген полицияның хабарламасында. Қазіргі уақытта ұрланған бала анасына қайтарылды.

ҚазАқпарат

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды