jasqazaq.kz

Өз баласын өзі ұрлаған

26 қараша 2018, 16:53

Келіншек өз баласын өзі ұрлап кеткен Әйел туыстарының алдында өзін ақтау үшін ұрлық жасалды деп әдейі ойластырған.

Одессада әйел жеті айлық қызының темір жол вокзалының жанында ұрлады деп полицияға мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, ол үлкен баласына алаңдаған, ал қайтып келгенінде арбадағы баласы жоқ болған. Құқық қорғау органдары темір жол вокзалының жанын қарап, жаяу жүргіншелерге сауалнама жүргізіп , бейнебақылау камераларын тексерген. Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері дәрігерлік мекемеге барған, онда куәгерлердің бірі оқиға орнында әйелді арбамен жүргенін, қалам мен қағаз сұрағанын суреттеп берген. Жиналған мәліметтерді талдаған соң полиция баланы ұрлады деп мәлімдеме жасаған әйел мен баланы ауруханаға жеткізген әйелдің екеуі де бір адам болып табылады деген қорытындыға келді. Айта кетейік, 2 ай бұрын 22 жастағы Харьков облысының тұрғыны екі кішкентай баласымен Одессаға медициналық тексерілістен өтуге келген. Анасының сөзінше, кішкентай қызы айықпас дертке шалдығып, емдеуге ақшасы жетпей аурухана жанына тастап кеткен. Сонымен қатар, ол бір сағаттан кейін Харьков облысына қайтамын деп билет алыпты. Ал, баланың ұрлану жағдайын өзі ойдан шығарған. Қазіргі таңда, бала толық тексерілістен өткен, денсаулығына қауіп жоқ. Алдын ала деректер бойынша, анасының айтқан диагнозы расталмады. Кішкентай қыздың тағдырын балалар ісі жөніндегі қызметкерлер шешпек.

ktk.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді