jasqazaq.kz

Өз баласын көшеге тастап, полицияға «тауып алғанын» хабарлаған

20 сәуiр 2022, 11:14

Қызылордада әйел полицияға көшеден нәресте тауып алғанын хабарлады. Тексеру нәтижесінде, сәбидің анасы сол әйел болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 15 сәуірде сағат 19:30-да Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің маңында жаңа туған баланы табу дерегі бойынша ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.

«Полиция баланы тапқан ауыл тұрғыны сәбидің анасы екенін анықтады. Өзі босанып, полицияға «тауып алдым» деп жалған ақпарат берді», — дейді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Қазіргі уақытта ана мен бала перзентханада емделіп жатыр.

«Соталды тергеу жалғасып жатыр», — деді полицейлер.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр