jasqazaq.kz

Өз ауласында марихуана өсірген тұрғын ұсталды

02 шiлде 2019, 12:18


Көксу ауданының тәртіп сақшылары аудан орталығы — Балпық би кентіндегі үйлердің бірінен құрамында есірткі заты бар өсімдікті баптап өсіру дерегін әшкереледі.

Алматы облысында ауласында марихуана өсірген тұрғын ұсталды Көксу ауданының тәртіп сақшылары аудан орталығы — Балпық би кентіндегі үйлердің бірінен құрамында есірткі заты бар өсімдікті баптап өсіру дерегін әшкереледі.  41 жастағы үй иесі аталған заңбұзушылықты жасады деген деген күдікке ілінді. «Баптап өсірілген марихуана күдіктінің бақшасынан табылған. Полицейлер жалпы салмағы 16 килограмм болатын 22 түп марихуананы қазып алып, тәркіледі. Қазіргі уақытта тыйым салынған өсімдікті өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мекен жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды», –  деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. Облыстық полицияның ақпараты бойынша, биыл облыста марихуана өсірудің 7 фактісі анықталған. Аталмыш фактілер бойынша Қарасай, Көксу, Ескелді аудандарының және Текелі қаласының тұрғындары қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

КТК 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда