jasqazaq.kz

Өз әйелін досымен бірге жабылып зорлаған

15 қантар 2018, 19:39

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында зорлыққа тап болған әйелдің ісі қаралып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астананың 26 жастағы тұрғыны өткен жылдың жазында азаматтық некедегі күйеуі мен оның досынан зорлық көркенін мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, бұл қылмыс алдын ала жоспарланған. «Мені жабылып зорлады. Өмірім үшін қорықтым да, үшінші қабаттан секіріп кеттім. Оқиға жалдамалы пәтерде болды. Олар оқиғаны видеоға түсіріп тұрды. Олар өлтіріп, көміп тастайтынын айтып, қорқытты. Сондықтан мен секіріп кеттім», — деді 26 жастағы Саина. Секіріп кеткен қыз түрлі жарақат алыпты. Осы оқиға бойынша тергеу басталып, қазір іс сотқа жетті. Сотталушы ретінде күдіктілердің бірі келіп отыр. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-пункті бойынша айыпталып отыр. Тергеу барысында, әйелдің айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі қашып кетіпті. 15 қаңтарда тараптарды қатар тыңдау барысында сотталушыға мемлекеттік айыптаушы 13 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындауды сұрады.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды