jasqazaq.kz

Өз әйелі мен қызын басып кетті

15 қараша 2018, 14:56

Қарағанды облысында Тоғызқұдық ауылына жақын жерде түнде «Нива» көлігінің жүргізушісі трассада әйел адам мен жеті жасар қызды қағып кетті. Бұл туралы sputniknews.kz сайты хабарлады.

Қарағанды облысы полиция департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты түн ортасында болды. Тоғызқұдық ауылының 42 жастағы тұрғыны үйіне қайтып келе жатқан. Жол шетінде әйелі мен қызы бара жатыпты. Олардың түн ішінде жолда не істеп жүргенін полицейлер хабарламады.

Ресми емес дерек бойынша, отбасы қонақтан қайтып келе жатады. Әуелде рөлде отағасының бауыры отырыпты. Бір уақытта мас ер адам ашуланып, үшеуін де көліктен қуып шығып, өзі рөлге отырса керек. Әйел мен қыз бірнеше метр алға жүріп кеткенде, көлік жүргізуші абайсызда екеуін қағып кетеді. Қандай жылдамдықпен қаққаны белгісіз. Әйел адам жедел жәрдем келгенше көз жұмса, қыз бала ауыр хәлде ауруханаға түскен.

«Бала комаға түскен, — дейді денсаулық сақтау басқарамасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. – Өз бетімен дем алмайды, өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Бас миына қатты зақым келіпті. Дәрігерлер әлі нақты ештеңе айтқан жоқ».

Іс тергеліп жатыр, ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді