jasqazaq.kz

«Оянғыштардың» ойыны

06 маусым 2019, 14:46


Айсұлу Әзімбаева, Мәдина Мусина, Әнуар Нұрпейісов сияқты жастарға жаным ашиды. Олар шынында да «дұрыс істедік» деп ойлайды.Бірақ қай жерде қателескенін түсінбейді. Қойған талаптарының өздеріне қатысы да жоқ. Үйсіз-күйсіз қаңғып жүргендер емес.Жоғары жақтың назарынан тыс қалғандеп те айта алмаймыз. Көбі — мемлекеттік марапатиегері. Олардың сөйлеу құқығын ешкім шектеген емес.

Кез келген авторитарлық мемлекетті –Франция, Германия, тіпті АҚШ-ты алайық, олардың құқығында шектеу аз. Бірақ міндеті де көбірек. Ал енді мынаны айтыңызшы, Әнуар мен Айсұлу мемлекетке қанша салық төлейді? Бұлардың қай-қайсысы да карьерасын өрге домалатып, стартап немесе саяси белсенділік мейнстримінен көрініп жүргендер.
Мен осы жастардың кез-келгенімен бетпе-бет кездесуге дайынмын. Жеке сұхбаттасып, дұрыс сұрақ қойып, олардың нені көздейтінін білгім келеді. Ал айтқан уәжіне келсек, оны саяси бағдарлама деуге келмейді. Әрине, оянған дұрыс. Бірақ сіздер, сондай-ақ ата-аналарыңыз 25 жыл бойы еркіндікті игілікке айырбастап келдіңіздер. Шамасы, ұйқылы-ояу күйде.
Революцияның жаршысы болғың келсе, мынаны есте сақтаған дұрыс.
Бірінші. Ұран сөздер жүректен шығып, көпшіліктің қолдауына ие болсын. «Фабрикалар – жұмысшыларға, жер- шаруаларға» дегендей. Ал сіздердікі: «Бәріне – баспана, бәріне – ғаламтор» немесе «Біздің пікіріміз дұрыс, қалғанын тарих пешіне».
Екіншіден, революционер кедей болуы керек. Ол мемлекетпен ешқашан байланыс орнатпайды.
Үшіншіден, егер де шетелдік ұйымдардан ақша алсаңыз, онда абай болыңыз! Олар соңдарыңнан қалмайды. Әйтсе де, АҚШ мұсылман елдеріндегі қоғамдық ұйымдарды қаржыландырады деп ойламаймын.
Төртіншіден, бағдарлама қажет.Кофе ішіп алып, құр айқайға басу дұрыс емес. Бағдарламаның экономикалық негіздемесі болуы керек. Өйткені сенің көздеген мақсатың дұрыс болып, оны мемлекет өз бақылауына алғаны жөн.
Бесіншіден, менде сіздер секілді көп нәрсемен келіспеймін. Мәселен, астананың атауын өзгертуге қатысты өз көзқарасымды білдірдім. Дегенмен оны қолдайтындар да бар. Сонда оларды сыбап, жер-жебіріне жетуіміз керек пе?
Алтыншыден, ешкім де керемет әулие немесе демократияшыл бола алмайтынын есте сақтаған жөн.
Жетіншіден, егер сіз басқаруды өз қолыңызға алғыңыз келсе, оған қаншалықты сенімдісіз?Ең бастысы, талабыңызды орындату үшін не істеуіңіз керек? Оған қоса, мемлекет пен жақындарыңызға зияныңыз тимесін.
Құрметті айғайшыл азаматтар, көпшілігіңізде нені жоғалтқандарыңыз туралы түсінік жоқ. Бірқатарыңыз тәп-тәуір, ауқатты отбасында туып-өстіңіздер. Солай емес пе, Ася? Төлебаев немесе Мұқанов көшесінде тұратын отбасында… Сіздер қазір әдемі, зәулім үйде тұрасыздар. Жақсы киінесіздер. Қолдарыңызда диплом бар. Білімдеріңіз туралы ешнәрсе айтпаймын. Бірақ аш қалу дегенді білмейсіздер. Тіпті шындап жұмыс істеп көрмегенсіздер.Сондықтан мұның бәрі фарс секілді және құқық пен еркіндік үшін нағыз күрестің құнын кетіреді.

Денис Кривошеев,
блогер

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты