jasqazaq.kz

Отырар тұрғыны карантинге қарамастан көкпар ұйымдастырған

24 қараша 2020, 11:13


Түркістан облысының полицейлері карантинге қарамастан көкпар өткізген тұрғынды жауапқа тартты.

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады. Түркістан облысында карантин талаптарын сақталуы тиісті органдардың қатаң бақылауында. Оның ішінде Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері арнайы құрылған мобильді топтармен жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Мәселен, Отырар ауданының полицейлері карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзып, көкпар ұйымдастырған тұрғынды анықтады. Нақтырақ айтсақ, Қарғалы ауылдық округіне қарасты «Қанттоғай» аумағында жергілікті тұрғын «Бата көкпар» жасаған. Мобильді топ бірден шоғырланған адамдар тобын тарқатты. Тәртіп сақшылары іс-шараға қатысушыларға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді. Сондай-ақ шектеу шараларын бұза отырып, 60-тан астам адамды жинаған көкпар ұйымдастырушысын жауапқа тартты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілді. Естеріңізге сала кетейік, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес Түркістан облысының аумағында халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға және жолын кесуге бағытталған карантин режимі енгізілген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия