jasqazaq.kz

Отшашу салдарынан үй өртенді

01 қантар 2020, 16:57

Алматыда жаңа жыл түні пиротехника өнімдерін дұрыс қолданбау салдарынан үш өрт тіркелді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Түнгі сағат 00:18-де Әуезов ауданында 9-қабаттағы пәтердің балконы жанды. Өрттің себебі – петарда әйнектелмеген балконға түсіп кеткен. 00:28-де Наурызбай ауданында жеке тұрғын үйдің мансарды отқа оранды. Қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 01:40-та ауыздықталып, 02:36-да толық сөндірілді. Мұнда да тілсіз жаудың тұтануына петарданың мансардқа түсіп кетуі себеп болған. Түнгі сағат 00:31-да Алмалы ауданында «Grand Asia» бизнес-орталығында 5-қабаттан бастап 12-қабатқа дейін керамогранит астына төселген жылытқыш құрал жанды. Өрт 150 шаршы метр аумаққа жайылды. Куәгерлердің айтуынша, петарда қасбет пен қабырға арасындағы тесікке түсіп кеткен. «Төрт адам зардап шекті: көзі жарақаттанған 10-11 жасар екі бала және көз жанары күйіп қалған 39 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Ал 1975 жылы туған ер адамның қолындағы петарда жарылып кеткен. Ол сол қолының жарақатымен ауруханаға қаралды. Барлық зардап шегушілер алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды», — деп мәлім етті департамент. Осыған байланысты Алматы төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын пиротехниканы қолданар кезде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде