jasqazaq.kz

Отшашу атып, той жасағандар анықталды

20 шiлде 2020, 12:50

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын бұзып, той жасаған тұрғынды анықтады.

Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері күнделікті аудан көлемінде карантин талаптарының сақталуы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды іске асыруда. Одан бөлек полицейлер әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде тәртіп сақшылары “Instagram” парақшаларының бірінен келін түсіріп, той тойлап, отшашу атқан бейнежазбаны анықтады.

​​​​​​​​Осы жайт бойынша Сарыағаш АПБ-нің полицейлері және Сарыағаш ауданының жергілікті органдарынан құрылған мобильді топ қызметкерлері оқиға орнына шығып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде бейнежазба Сарыағаш қаласында түсірілгені анықталып, той иесіне Тауарлармен көрсетілетін қызмет сапасына бақылау басқармасының қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу“ бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. ​​​​

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына елімізде енгізілген карантин талаптарын сақтап, өз өміріңіз бен денсаулығыңызға аса жауапкершілікпен қарауға шақырады. Коронавирус індетінің алдын алу, таралуын тоқтату үшін бірінші кезекте көп адамдар тобы болып шоғырланбау керектігін естен шығармаңыздар.

Ақпарат көзі Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия