jasqazaq.kz

Отпен ойнаған балалар тұрғын үйді өртеп жіберді

10 қараша 2020, 12:03


Арқалық қаласында тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Қостанай облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлады.   «Арқалық қаласы Байтұрсынов көшесіндегі тұрғын үй өрті туралы ақпарат 9 қараша күні сағат 20:51-де келіп түсті. Көршілер 2-қабаттағы пәтерден түтін шыққанын хабарлады. Сағат 20:55-те оқиға орнына құрамында 2 арнайы өрт сөндіру техникасы, 1 АЛ-30 автосаты және жеке құрамның 11 құтқарушысы бар №4 МӨСБ өрт сөндіру жасағы жетті. 2-қабаттағы пәтерде 60 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаз жанып жатқаны анықталды. Өрт салдарынан пайда болған түтін кіреберісте тез тарала бастады және жоғары қабаттағы тұрғындардың жолын бөгеді», — дейді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов. Автосаты көмегімен 5-қабаттың балкондарынан 19 адам, оның ішінде 13 бала құтқарылды. Сонымен қатар, баспалдақтар арқылы 11 адам оқшау аумаққа эвакуацияланды. «Газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 буыны 21:26-да өртті ауыздықтады. Тағы 30 минут ішінде өрт сөндірушілер өз жұмыстарын жалғастырып, өртті толығымен жойды. Арқалық ауруханасына 4 адам жатқызылды, олардың бірі – 2014 жылы туған бала. Дәрігерлер зардап шегушілерге улану диагнозын қойды», — дейді У.Досанов Алдын ала болжам бойынша, өрт балалардың отпен ойнауынан болған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия