jasqazaq.kz

Өткенге саяхат жасағыңыз келсе, Атыраудағы «Ретро-саябақ» кешеніне келіңіз!

16 қазан 2017, 10:47

Ел экономикасының локомотивіне айналған Атырау қаласына 377 жыл. Осынау атаулы датаға орай, қала күнінің құрметіне Атырауда «Ретро-саябақ» кешені пайдалануға берілді. Бұл туралы Jasqazaq.kz хабарлады. 

Атыраудың «Тұрғындар қалашығы» ықшамауданында орналасқан саябақ өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы неоклассикалық стильде салынған. Оның негізгі аумағын парк аллеялары құрайды. Жайық өзенінің жағалауында орналасқан демалыс кешенінде амфитеатр, көрме павильоны, дәмхана, жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер мен аралшықтары бар тоғандар орналасқан. Және әйгілі «Дос -Мұқасан» ансамблінің жарты ғасырлық мерейтойына орай тұрғызылған скульптуралық туынды да кешеннің сәнін арттыра түседі. Ал, 3D форматтағы «биші субұрқақ» озық үлгісімен таңдандырады.

Айта кетелік, ТШО компаниясының «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы аясында салынған кешеннің ашылуына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы қатысып, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі концерт берді.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде