jasqazaq.kz

Өткен жылы болашағы жоқ 94 ауыл жабылды

04 маусым 2019, 11:43

Болашағы жоқ ауылдардың басым көпшілігі Қызылорда, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында екені белгілі болып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің ҚазАқпарат берген ресми жауабында айтылған.

«Әлеуметтік-экономикалық даму мониторингтің қорытындысы бойынша республикада 6561 ауылдық елді мекен бар. 2018 жылы қорытындысы бойынша, облыстық әкімдіктердің ақпаратына сәйкес 94 ауылдық елді мекен «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңына сәйкес болашағы жоқ деп танылды. Жабылған ауылдардың басым бөлігі Қызылорда облысына (28), Шығыс Қазақстан облысына (16) және Солтүстік Қазақстан облысына (15) тиесілі», — деді Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов. «ҚР Әкімшілік-аумақтық құрылысы» туралы заңның 8-ші және 11-бабының 3-тармағына сәйкес, облыстық өкілдік және атқарушы органдар халық саны 50 адамнан кем елдімекендерді тарату жұмысын жүргізеді. Сондай-ақ, ондай елдімекендер әкімшілік немесе аумақтық жағынан басқа (іргелі) елді мекендердің құрамында есепке алынады. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бары белгілі. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде бағдарламаға қатысушыларды экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу нүктелеріне көшіру көзделген. Бұл ретте көш мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен немесе жұмыс берушілер есебінен қамтамасыз ету, тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болған кезде ерікті түрде жүргізіледі. Облысішілік қоныс аудару жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Ал республикалық бюджеттен оңтүстіктен солтүстікке көшіру аясында іс-шаралар қаржыландырылады», — делінген жауапта.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде