jasqazaq.kz

Өтірік жөтеліп жұртты шошытқан пранкер 10 тәулікке қамалды

15 наурыз 2020, 10:40

Алматы метросында жұртты шошытқан пранкер ұсталды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында 23 жастағы қала тұрғынының өтірік жөтелу арқылы метрополитен жолаушыларын қорқытып жүргені анықталды.

«Жұрт онсыз да алаңдап отырған кезде Х. есімді азаматтың істеп жүрген ісі ақылға сыймайды. Хайп үшін жас жігіт барлық моральдық және этикалық нормаларды аяқасты етті. Бұл әрекеті үшін полиция қызметкерлері оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартты. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», — деп хабарлады Алматының Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сот отырысы басталар алдында пранкер жұртшылықтан кешірім сұрады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия