jasqazaq.kz

Өтірік айтқан семейлік 7 млн теңге айыппұл төлейді

05 шiлде 2018, 12:27

Семейде телефонымды ұрлап кетті деп полицияға жалған ақпарат берген бойжеткен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

19 жастағы қала тұрғыны Орталық полиция бөліміне келіп, қоғамдық көлікте ұялы телефонын белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтып, арыз берген. Шығын көлемі 40 мың теңге. «Жедел іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері қыздың берген ақпаратының жалған екенін анықтады. Кейін қызды тергеу кезінде ол кінәсін толық мойындады. Бойжеткен 3 шілде күні таңертең ұялы телефонын өзі сатып жіберген» делінген хабарламада. Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 2-тармағы бойынша (Көрiнеу жалған сөз жеткiзу) із қозғалды. Енді ол заңсыз әрекеті үшін 3000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді. Яғни, 7 млн 215 мың теңге немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді