jasqazaq.kz

Отбасында жанжал шығарғандар уақытша үйіне кірмеуі мүмкін

04 наурыз 2020, 16:30

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын жұмысқа алды. Бұл туралы jasqazaq.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды

«Аталған заң жобасы Парламент депутаттары бастамасымен ұсынылып отыр. Бүгінгі таңда отбасылық-тұрмыстық ортада құқық бұзатындардың жауапкершілігін қатайтуға қатысты тиісті шаралар қабылданып жатқанына қарамастан, бұл мәселе өзекті күйінде қалып отыр. Осыған байланысты әзірленген заң жобасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алу мәселесіне айрықша назар аударылды. Осы орайда, заңнаманың мақсаттары мен міндеттері және қағидаттары күшейтілді», — деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова. Оның сөзіне қарағанда, құжат аясында өкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті нақтыланды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғау және оларға қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша нормалар енгізілді. «Сонымен бірге, отбасында жанжал шығарушылардың мінез-құлқын психологиялық әдістермен түзеудің, қоғамдық бақылау институтын енгізудің тетіктері қарастырылуда. Бұған қоса, полицияның зорлық-зомбылықтың кез келген фактісіне жедел әрекет ету бойынша жауапкершілігі күшейтілуі, сондай-ақ қайғылы жағдайлардың орын алуын болдырмау үшін отбасында өктемдік жасаушыны тұрғын үйден уақытша шығару жөніндегі норма көзделді. Комитет заң жобасымен жұмыс істеуге және 2020 жылғы 23 қыркүйекке дейін қорытынды әзірлеуге дайын», — деді Г. Әбдіқалықова. Сонымен қатар, палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын жұмысқа алды.

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді