jasqazaq.kz

Отбасын құтқармақ болған әке ұлымен бірге көз жұмды

21 қазан 2019, 15:33

Алматы облысында жер үй өртеніп, әкесі мен баласы қаза тапты.

Қайғылы жағдай 5 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Жаңашар ауылдық округіне қарасты Алиит саяжайында болған. Ауруханаға жеткізілген әкесі мен баласы алған күйіктерінің ауырлығынан 6 қазан күні жан тапсырды. «Отбасының баспанасы өртенген. Ер азамат баласы мен әйелін құтқармақ болып, қызыл жалынға күйген. 1989 жылғы ер адам ауруханада қайтыс болды. 2012 жылғы баласы да ауруханада көз жұмды», — деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев. Аталған ведомствоның мәліметіне сәйкес, алдын ала болжам бойынша өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан болған. Яғни, пештің мұржасы мен жанғыш заттардың арасындағы ара қашықтық сақталмаған.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда