jasqazaq.kz

Отбасылы әйелді жезөкше етіп көрсеткен

12 сәуiр 2019, 12:04

Тараздық Лаура Оңғар күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Айтуынша, алаяқтар бір жылдан бері әлеуметтік желіде оның атынан жалған парақшалар ашып, ұятсыз мәнде фото-видеолар мен хабарламалар қалдыруда. «Қызмет көрсетемін», «көңіл көтеремін» деген сынды жазбалардан кейін Лаураның күйеуі мен туыстарының әбден мазасы қашқан.

Бұл туралы Stan.kz КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

23 жастағы Лаураның мамандығы — мейірбике. Бірақ бүгінде мамандық бойынша емес, сән салонында жұмыс істейді.

Осыдан екі жыл бұрын өзінің Шерхан есімді сүйіктісіне тұрмысқа шығуға бекінген, салт-дәстүр бойынша сырға салынған. Айтуынша, содан кейін белгісіз қыз оған біртүрлі мәндегі хабарламалар жібере бастаған. Шерханнан аяғы ауырлап қалғанын және де өзін тастап кеткенін жеткізген. Алайда Шерхан ондай қызды мүлде танымайтынын айтқан. Ал түсік тастаған қыз бар өкпе-назын Лаураның туыстарына да жаза бастаған.

Ал осыдан 1 жыл бұрын әлеуметтік желіде Лаураның атынан фейк-парақшалар ашылып, ішінде ұятсыз мәндегі фотолар мен жазбалар қалдырылған. Содан бері Лаурада маза жоқ. Телефонына қызмет ақысын сұрап хабарласатындардың толастайтын түрі көрінбейді. Нөмірін бірнеше мәрте ауыстырса да, көмектеспепті.

«Бүкіл түнге 5 мың, 3 мың теңге деп әртүрлі баға қойып қояды. Мен «жоқ» десем, ол кісілер: «Екеуміздің арамызда қалады, 40-50 мың теңге беремін», — деп айтатын. Тіпті, біреуіне: «Маған бергенше, осы ақшаны анаңызға беріңіз», — деп те айттым. «Анам ол ақшаға мұқтаж емес. Қорықпа, арамызда қалады», — деп айтқандар да болды», — дейді Лаура Оңғар.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда