jasqazaq.kz

Отбасы жаңа туған нәрестені тірідей жерлеп тастаған

22 қазан 2019, 13:42

Қытайдың Лайу қаласында тұратын отбасы қателікпен нәрестені тірідей жерлеп тастаған. Абырой болғанда, жергілікті тұрғындар нәрестені құтқарып қалды. Олар жердің астынан әлдененің біртүрлі дауысын естіпті.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

21 тамызда Нанбаита аулының тұрғындары Цзяо Синлу мен Чжоу Шандун тауда саңырауқұлақ теріп жүріп, нәрестенің қабірін көріпті. Осы кезде олар жердің астынан иттің үргеніне ұқсас дауыс естіген. Сол жерге олардың достары мен туыстары келгенде, олар жердің астында нәресте жатыр деп күдіктеніп, қазуға кіріседі.

Ксинглу қолымен жерді қазып, картон қорапты алып шығады. Оның ішінде ұл бала жатқан екен.

Баланы жаңа туған нәрестені бірден ауруханаға алып барды. Салмағы 1,5 келі болған нәресте қаназдық пен сары аурудан зардап шеккен екен. Десе де оның бойынша туа біткен дерті болмаған.

Қазіргі уақытта нәресте 2 айлық. Оның салмағы 4 келіге жетіп, денсаулығы жақсарған.

Жергілікті полиция баланың отбасына іздеу жариялағанда, бөлімшеге ер адам келіп, өзін тірідей жерленген нәрестенің атасымын деп таныстырады.

Айтуынша, ұл бала өкпенің ауыр инфекциясымен туылған. Сондықтан еміп, су іше алмаған нәрестені жасанды тыныстандыру құрылғысына қосқан. Алайда ертесі күні «шетінеп кетіп», отбасы оны жерлеген көрінеді. Қарияның сөзінше, нәрестенің сау туылған егіз сыңары бар екен.

Қазіргі уақытта полицейлер қарияның сөзінің рас-өтірігін тексеріп, тергеу жүргізіп жатыр.

Ал ауруханаға жеткізілген нәрестені қараған дәрігер оны асырап алғысы келетінін айтқан. Алайда баланың атасы табылғаннан кейін, ендігі оның кіммен қалатыны белгісіз.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда