jasqazaq.kz

Отандық вакцина өндірісіне кім жауапты? БҒМ «менікі емес» дейді

05 мамыр 2021, 12:45

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық вакцина шығару бойынша Жамбыл облысында салынып жатқан зауытқа кімнің жауапты екенін сынға алды.

«Министрліктердің қайсысы бұл зауыт үшін жауапты? Ленталары қиылды, Алексей Владимирович (Алексей Цой – денсаулық сақтау министрі – ред.) PR науқанын жүргізді. Енді, зауытта қашан өнеркәсіптік өндіріс басталады? БҒМ (Білім және ғылым министрлігі-ред.) «менікі емес» деп отыр. Цой мырза «тек тұтыну мен ұйымдастыруды» айтады. Сонда кім жауапты?», — деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

ҚазАқпарат хабарлағандай, аталған жұмыстармен айналысып жүрген Ералы Тоғжанов іссапарда болғандықтан, сұраққа Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов жауап берді.

«Сұрау Үкіметке салынатын болады. Үкіметте Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжанов айналысып жүр. Министрлер арасында – Білім және ғылым министрлігі. Қазір барлық техникалық жұмыстарын әкімдік жүргізеді. Олар техникалық бөлігін бітірген соң, Білім және ғылым министрлігінің балансына беріледі», — деп жауап берді Ә. Смайылов. «Әзірге өздеріңізге де түсініксіз болып отырғанын көрдік. Әлихан Асханұлы (Смайылов – ред.), үлкен өтініш, «қойшы көп болса, қой арам өледінің» кері болмасын. Бұл өте маңызды жоба. Халық, қоғам вакцинаны күтіп отыр. Қанша мәлімдеме жасалған соң, енді ұйымдастыруды қолға алыңыздар. Әлихан Асханұлы Үкіметтің жауапты екенін айтты. Үкіметте де нақты адамдар бар. Сіздер сұраған қаражат берілді. Енді тағы қосымша сұрап отырсыздар, тағы бөлініп жатыр. Бәрі өздеріңізге байланысты, уақыт жылдам өтеді де кетеді», — деді Нұрлан Нығматулин.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия